ОКО-тың стратегиялық бағыттары:

  • Оңтүстік өңірінің барлық халқына – әлемдік стандарттарға сәйкес медициналық қызметтер ұсынуды кепілдене отырып, жақын арада жоғары мамандандырылған медициналық көмектің (ЖММК) және мамандандырылған медициналық көмектің (ММК) көлемін өсіру;
  • Қанайналым жүйесі ауруларынан (ҚЖА) және миокард инфарктынан болатын өлімшілікті төмендету.
  • ОКО-тың негізгі қызметі ҚР Оңтүстік Қазақстан облысының азаматтарына мемлекеттік тапсырыс бойынша республикалық бюджет есебінен стационарлық жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығы негізінде диагностика мен емдеудің аса күрделі әдістерін, заманауи медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулардың тізімі (ЖММК,ММК) бекітіледі.

ОКО-тың ұстанымы: Біздің пациенттер біздің назарымыздың ортасында, біз олардың шексіз алғысына бөлену үшін барлық жағдай жасаймыз.

ОКО құндылықтары:

  1. Қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттырып отыратын, олардың мүмкіншілік қорын толық іске асыратын интеллектуалды капитал;
  2. Мекеменің қиындықтарға төзімділігі, алдыңғы қатарда болуы және алға қойған мақсаттың тұрақтылығы;
  3. Қанағаттандырылған және лояльді пациент;
  4. Қызметкерлердің ашық түрде, құрметпен және сенімділікпен қарайтын, жаңа өзгерістерге және өз білімдерімен бөлісуге дайын, өзге тараптардан тарайтын идеяларды кабылдап және қолдана білетін мәдениеті;
  5. Нәтижелі жұмыс атқаруға ыңғайлы жағдайлар, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы;
  6. Этикалық құндылықтар (казіргі кезде және болашақта өз қызметінің экологиялық аспектілеріне әлеуметтік жауапкершілікпен қарау), қоғам алдында ашық және айқын түрде әрекет ету.

116 сметалық төсек орын бар, оның ішінде 96 кардиологиялық, 20 кардиохирургиялық (5 қантамыр хирургия), 6 реабилитациялық, 2 ота жасау бөлімі, 6 төсек орындық кардиохирургиялық реанимация бөлімі, ақылы қызмет көсететін 16 төсек орын бар.

Орталық келесі құрылымдық бөлімшелерден турады:

- интервенционды кардиология және эндоваскулярлы араласулар бөлімі (№1 кардиологиялық бөлім) - 20/2 төсек/реабил.
-жедел миокард инфаркты бар науқастарды емдеуге арналған бөлім - 40/2 төсек/реабил.
- ЖИА-ның басқа асқынған түрлерін және миокардтың кейбір коронарогенді емес ауруларын емдеуге арналған бөлім - 36 төсек орын
- кардиохирургиялық бөлім - 20/2 төсек/реабил оның ішінде қантамырларын емдеу - 5 төсек орын
- реанимация және интенсивті терапия бөлімі - 12 төсек орын
- отделение кардиохирургической реанимации - 6 төсек орын
- күндізгі стационар - 4 төсек орын
- кеңес-диагностикалық емхана – бір ауысымда 75 науқас қабылданады
- клинико-диагностикалық зертхана
- функционалды диагностика бөлімі
- ангиографиялық зерттеулер бөлімі
- экстракорпоральді екпінді соғу терапиясы
- жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеулер зертханасы
- бактериологиялық зертхана

МҚКК «ОКО» 14.08.2006ж ЛП № 00226Dx Мемлекеттік Лицензиясы негізінде төмендегі тізімге сәйкес медициналық көмек көрсете алады:

1. алғашқы (дәрігерге дейінгі) медико-санитарлық көмек;
2. жедел және өте жедел медициналық көмек: өте жедел медициналық көмек (неотложная медицинская помощь);
3. анықтау (диагностика): зертханалық (биохимиялық, жалпыклиникалық зерттеулер);
4. ультрадыбыстық, рентгенологиялық, функционалдық диагностика;
5. ересек халыққа амбулаториялық-емханалық мамандықтар бойынша медициналық көмек: терапия (кардиология), физиотерапия бойынша;
6. ересек халыққа стационарлық медициналық көмек көрсету: анестезиология и реаниматология, терапия (кардиология, экстракорпоралдық толқынды соғумен емдеу, ревматология), диетология, невропатология, офтальмология, психотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, физиотерапия, рентгено-эндоваскулярлық хирургия, кардиохирургия;
7. санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық көмек (ауруханаішілік инфекцияның эпидемиологиясы);
8. сараптамалық медициналық қөмек: еңбекке жарамсыздықты және профессионалдық жарамсыздықты сараптау (профилактикалық және маусымдық медициналық қарау).

Облыстық Кардиологиялық орталығының басшылығы барлық құрылымдардың жұмысын бір арнаға бағыттап ұйымдастыруда;

  • Орталықтағы «Қаржы мәселелеріне», «Оперативтік басқару мәселелеріне» және негізгі «Сатып алу» мәселелеріне жауапты маман - бас дәрігерінің экономика жөнінен орынбасары;
  • Стационардағы барлық диагностика мен ем түрлерін, оның клиникалық хаттамаларға сәйкестігін мониторлау – бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасарының міндеті;
  • Стационардың құрылымдарындағы ұйымдастыру әдістеме – жұмысын қадағалап орындау – бас дәрігердің ұйымдастыру әдістеме жөніндегі орынбасарының міндеті;
  • Стационарда көрсетілген көмектің сапасының жоғары болуын мониторлау – бас дәрігерінің сапа жөнінен орынбасарының міндеті;
  • ОКО құрылымдарындағы жұмыстарының қарым қатынастары стационардағы науқастарға жан-жақтан сапалы диагностикалық және емдік көмек көрсетуге,стационардың төсек орын фондын және ресурстарын дұрыс пайдалануға бағытталған.

ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКМ-нің құрылымы

  • Қайта құру туралы

    12.02.2018 "Добавить комментарий

    Оңтүстік Қазақстан Әкімдігінің 01.08.2017 жылғы "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының өткізу актілері, жарғылары және жарғылық капиталдары туралы" №206 қаулысы негізінде

    Толығырақ  
  • Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында көрсетілетін қызметтер туралы хабарлама

    12.02.2018 "Добавить комментарий

    ОҚО ДСБ-ның «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКҚМ-сі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында 2017 ж. келесі қызметтер көрсетеді: 

    ... Толығырақ
«Облыстық кардиологиялық орталығы» ШЖҚ МКМ-сі
Қазіргі таңда біздің орталығымыз Облыс деңгейінде ересектер мен балаларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған кардиологиялық, интервенциондық, аритмологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін, заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген бірден бір орталық.

 

Толығырақ

Миссия және
құндылықтары

 
Медициналық 
қызметтер                                    

Біздің мекеме ОҚО бойынша қанайналым жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды заманауи жоғары медициналық технологияларды пайдаланып мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көсетудің сенімді және кепілді қайнар көзі болып табылады.

Біздің негізгі мақсаттарымыз бен құндылықтарымыз халық пен қоғамға қызмет көрсетуге бағытталғанына біз нық сенімдіміз.

Толығырақ

 

 

 

    

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген      көлемі

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында медициналық кызмет көрсету ҚР Үкіметінің 15.12.2009 №2136 Қаулысына сәйкес көрсетіледі.

Ақылы қызметтер көрсету

Орталықтың ақылы негізінде атқаратын консультациялық және диагностикалық қызметтері.