2014 жылдың 28 наурызында «Нұрлы қоғам» қоғамдық бірлестігі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына (ҚМДБ) мемлекеттің Мүфтиі Ержан қажы атына республиканың барлық мешіттерінде донорлық мүшені ауыстыруға мұқтаж жандар жайлы және донорлық ету арқылы қайырымдылық жасауға болатыны жайлы уағыз айтуын өтінді.

 

Осыған орай ағымдағы жылдың 29 мамыры күні ҚМДБ-да Шариғат және пәтуа бөлімі донорлық мүшелердің транплантациясына байланысты, барлық мәселелерді қарастыру үшін отырыс өткізді. Ислам дінінің әлемдік ғұламаларының осыған байланысты пәтуаларын ескере отырып, Ғұламалар кеңесі ағзалардың донорлығы мен транплантациясына қатысты пәтуа әзірледі.

Нәтижесінде, 2014 жылдың 6 маусымында Қазақстанның барлық 2000 мешітінде имамдар түскі жұма-намаз уақытында «Органдардың донорлығы мен оны трансплантациялаудың шариғаттағы орны» атты жұмалық уағыз айтты. Бұл жұма-намаз уақытында мұсылман қауымға бірер сағат бойы адам өлімі мен оның дене мүшелерін басқаның өмірін құтқару мақсатында ауыстыруға болатыны жайлы толықтай ақпарат берілді.

Дін басылардың айтуынша: «өз туған туыстарының ағзаларын қайырымдылық ретінде беріп, өзге адамның өмірін сақтап қалса, ол Алланың Қасиетті құранның «Мәида» сүресінің 32-аятында көрсетілген адам іспеттес»: «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен тең және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең».

Бұндай, мешітке келушілерге уағыз айту сияқты тәжірибе ислам дінін құптаушы мемлекетер арасында нақтырақ айтсақ Түркияда өзінің оң нәтижесін беруде. Әр жұма сайын донорлық пен транплантациялау жайлы Түркия мешіттерінде айтылып жүрген уағыздың арқасында аталмыш

мемлекетте органды транплантациялау айтарлықтай көрсеткіштерге ие болды.

Қазақстанда мемелекет тарапынан донорлық органды транплантациялауға барлық жағдйлар жасалып отырса да, жасалып жатқан ота саны аз ғана. Бұның басты себебі, донорлық ағзаның жетіспеушілігінде және осыған байланысты науқастар донорлық ағзаларға жете де алмай өмірден озуда.

Сондықтан, Қазақстанның имамдары мешіттерде ендігіден бастап әрқашан мұсылман қауымға шариғаттағы ағзалардың донорлығы мен трансплантациясының орны жайлы уағыз айтпақ.

Негізі: Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, 24 мау 2014
  • Қайта құру туралы

    12.02.2018 "Добавить комментарий

    Оңтүстік Қазақстан Әкімдігінің 01.08.2017 жылғы "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының өткізу актілері, жарғылары және жарғылық капиталдары туралы" №206 қаулысы негізінде

    Толығырақ  
  • Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында көрсетілетін қызметтер туралы хабарлама

    12.02.2018 "Добавить комментарий

    ОҚО ДСБ-ның «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКҚМ-сі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында 2017 ж. келесі қызметтер көрсетеді: 

    ... Толығырақ
«Облыстық кардиологиялық орталығы» ШЖҚ МКМ-сі
Қазіргі таңда біздің орталығымыз Облыс деңгейінде ересектер мен балаларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған кардиологиялық, интервенциондық, аритмологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін, заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген бірден бір орталық.

 

Толығырақ

Миссия және
құндылықтары

 
Медициналық 
қызметтер                                    

Біздің мекеме ОҚО бойынша қанайналым жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды заманауи жоғары медициналық технологияларды пайдаланып мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көсетудің сенімді және кепілді қайнар көзі болып табылады.

Біздің негізгі мақсаттарымыз бен құндылықтарымыз халық пен қоғамға қызмет көрсетуге бағытталғанына біз нық сенімдіміз.

Толығырақ

 

 

 

    

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген      көлемі

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында медициналық кызмет көрсету ҚР Үкіметінің 15.12.2009 №2136 Қаулысына сәйкес көрсетіледі.

Ақылы қызметтер көрсету

Орталықтың ақылы негізінде атқаратын консультациялық және диагностикалық қызметтері.