Бөлім меңгерушісі - жоғары санатты функционалдық диагностика дәрігері Пахомова Т.Ю.

Функционалдық диагностика бөлімі 2 қабатта орналасқан. 2002 жылдан бастап жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарға барлық заманауи зерттеулердің бейинвазивті әдістері жүргізіледі: эхокардиография, ЭКГ Холтер бойынша тәуліктік мониторлау, АҚҚ тәуліктік мониторлау, стресс-тесттер (тредмил, велоэргометрия).

- 2009 жылы Vivid-3,Vivid -7 эксперттық классты ультрадыбыстық сканер іске қосылды. Ол сканер арқылы жүрек пен тамырларды өңешарқылы датчикпен зерттеуге болады, жұқпалы эндокардит және жүрек қақпақшасының ақауын дәл диагностикалау үшін өнешарқылы ЭхоКГ жүргізіледі. Сонымен қатар қосалқы аурулары бар науқастарға іш қуысы ағзаларының, перифериялық тамырлардың, қалқанша безінің, кіші жамбас сүйегі ағзаларының ультрадыбыстық зерттеулері жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

- 2011 жылы жаңа туылған нәрестелер мен балалардың жүректерін зерттейтін Philips IE 33 эксперттік классты ультрадыбыстық сканер алынды.

- 2011 жылы Schiller holter MT-101Холтер бойынша ЭКГ тәуліктік мониторлау және Schiller AD BR-102 АҚҚ тәуліктік мониторлау апараттары алынды.

- Жүктемелі сынамаларды жүргізу үшін Т 2100, «Велоэрголайн» GmbH Жүгіру жолағы аппараты алынды.

Жүргізілетін зерттеулердің түрі:

Жүктемелі сынамалардың зертханасы:

Стресс –электрокардиограмма
- вэлоэргометрия;
- өңешарқылы жүргізілетін электрокардиостимуляция;
- Стресс – эхокардиография;
а) фармакологиялық
б) физикалық жүктемемен жүргізілетін ЭхоКГ

Электрокардиографии зертханасы:

- 12-каналды ЭКГ автоматты талдауы;
- стресс-кардиографиялық зерттеулер;
- ST сегментінің эктопиялық белсенділі мен динамикасын анықтайтын ЭКГ тәуліктік (холтерлік) мониторлау.

Ультрадыбыстық диагностика зертханасы:

- эхокардиография, доплерография;
- бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі;
- гепатобилиарлық жүйенің ультрадыбыстық зерттеуі;
- қалқанша безініңультрадыбыстық зерттеуі.


 

Функционалды диагностика бөлімшесі өзінің бастауын кардиологиялық бөлімінен бастаған. Ең алғашында бір каналды сиямен жазатын құрылғы – электрокардиограф ғана болған. Келе-келе жаңа әдістер, жаңа құрылғылар еңдіре бастады. Дәл кәзір функционалды бөлімше № 647 Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау уйымдары туралы ережені бегіту туралы бұйрықтың  талабы  бойынша жұмыс істеп жатыр.

Функционалды  диагностика бөлімшесі қолда бар құралдардың көмегімен адам ағзасының, соның қызметін, емдеу және қадағалауға қол жеткізеді.

Функционалды диагностика бөлімшенің құралдары:

  1. УЗ сканер Philips IE 33. Өндіруші Philips США
  2. УЗ сканер Philips CX50. Өндіруші Philips США
  3. УЗ сканер Vivid 7. Өндіруші General Electric  Германия.
  4. УЗ сканер Vivid 9. Өндіруші General Electric  Германия.
  5. УЗ сканер MySonoU6. Өндіруші Samsung Республика  Корея
  6. Велоэргометр«Велоэрголайн». Өндіруші General Electric  Германия.
  7. Тредмилл  Т 2100 Өндіруші  General Electric  Германия.
  8. Тредмилл Lode Valiant - «Нейрософт»
  9. Суточный монитор ЭКГ по Холтеру. Schiller holter MT-101. Өндіруші Schiller Швейцария.
  10. Суточный монитор АД. Schiller AD BR-102. Өндіруші  Schiller Швейцария.

11.Дефибриллятор ДФР ТЕС-553IK. Өндіруші   Nihon Kohden  Япония

 

Тексеру түрлері:

Функционалды диагностика бөлімшесіндегі зерттеу түрлері. Электрокардиография лабораториясы:

  • 12 каналдық стандартты ЭКГ автоматтық сараптама
  • Стресс – ЭКГ зерттеу
  • Тәуліктік (Холтер) эктопиялық белсенділікті Холтер әдісі бойынша қадағалау

Жүктемелік сынақ лабораториясы:

  • Стресс-ЭКГ зерттеу
  • ВЭМ, тредмил
  • Өнеш арқылы электрокардиостимуляция

Стресс-эхокардиография:

  • Фармакологиялық

Ультрадыбыстық  зерттеу лабораториясы:

-ЭХОКГ, доплерография

-УЗ доплерография, БЦА, қолдың және аяқтың магистралды қан тамырларын  зерттеу.

-Гепатолобилиарлы  жүйені ультрадыбысты  зерттеу.

-Несеп жүйесін  ультрадыбыстық  зерттеу.

-Қалқанша безді  ультрадыбыстық  зерттеу.

 

Артериялық   қан қысымын және ЭКГ тәуліктік бакылау:

-Тәуліктік ЭКГ-холтер қадағалау

-Тәуліктік қан кысымын  қадағалау

 

 

Эхокардиография (ЭхоКГ) – бұл кәзіргі заманғы жоғары информативті инвазивті емес ауырсынусыз және қауіпсіз жүрек-қантамыр жүйесінің диагностикалау әдістерінің бірі болып табылады.

Эхокардиография мүмкіншілік береді: жүрек қуыстарынын көлемдерін анықтауға, жүрек клапандарының жағдайын және олардың қызметін бағалауға, жүрек қабырғаларының қалыңдықтарын анықтауға, жүрек қарыншаларының жиырылу мүмкіншілектерін бағалауға, жүректегі миокард инфарктінен кейінгі тыртықты өзгерістерді анықтауға, журек ішіндегі қан қозғалысын бағалауға, аорта және қкпе сабау артерияларын бағалау, перикардтың жағдайын бағалау.

Эхокардиография өткізуге көрсеткіштер:

  • Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА);
  • Миокард инфарктісі (МИ);
  • Артериальді гипертензия (АГ);
  • Туа біткен және жүре пайда болған жүрек қантамыр ақаулары;
  • Ревматизм;
  • Нейроциркуляторлы дистония, кардиалды және гипотоникалық типі;
  • Жүрек өткізгіштігінің және ырғағының бұзылыстары;
  • Жүректегі шуылдар;
  • Өткерілген ауыр формалары грипп және баспа;
  • Жүректегі ісіктер (миксома, рабдомиома, папиллярлы фиброэластома);
  • Кардиомиопатияларды анықтау;
  • Миокардиттер диагносткасы;
  • Жүрек операция жасағаннан кейінгі жағдайды бағалау;
  • Жүрек клапандарының орнына қойылған аппаратар жағдайын бағалау;
  • Кез келген жағдайда қолдануға болады.

 

Функционалды диагностика бөлімшесінің дәрігерлері:

  1. Пахомова Т.Ю. функционалды диагностика бөлім меңгерушісі, жоғары санат.
  2. Кайыпова М.И., функционалды диагностика бөлімінің дәрігері, бірінші санат.
  3. Дуйсебекова Л.А., функционалды диагностика бөлімінің дәрігері, бірінші санат.
  4. Сабырова М.Е., функционалды диагностика бөлімінің дәрігері
  5. Тошимбетов Е. Х. ., функционалды диагностика бөлімінің дәрігері