Бөлім меңгерушісі - Балтаев Мухамеджан Нуралиевич

12 төсек орынға қарастырылған бөлім ғимараттың 1 қабатында орналасқан, қабылдау бөліміне бармастан ауыр жағдайдағы науқастарды жеткізетін ЖМЖ автокөліктеріне кіретін жағдай жасалған.

 

 

 

 

 

Бір жыл аралығында ОРИТ бөлімінен 2000 жуық науқас өтеді. Науқастар қабылау бөлімінен және басқа бөлімдерден мына диагноздармен түседі:

  • ST сегменті көтерілген жедел коронарлық синдромы;
  • ST сегменті көтерілмеген жедел коронарлық синдромы;
  • Q тісшесі бар миокард инфарктысы қосалқы ауруларсыз;
  • Q тісшесі бар миокард инфарктысы қосалқы аурулармен (жүрек жетіспеушілігі, жүрек астмасы, өкпелердің ісінуі, кардиогенді шок, ырғақтың бұзылысы, өткізгіштіктің бұзылысы, аритмикалық шок, клиникалық өлім, жүректің аневризмасы)
  • Q тісшесі жоқ миокард инфарктысы қосалқы ауруларсыз;
  • Q тісшесі жоқ миокард инфарктысы қосалқы аурулармен (жүрек жетіспеушілігі, жүрек астмасы, өкпелердің ісінуі, кардиогенді шок, ырғақтың бұзылысы, өткізгіштіктің бұзылысы, аритмикалық шок, клиникалық өлім, жүректің аневризмасы)

Күнделікті тәжірибеде ҚР ДСМ Эксперттік Кеңесінің 17.04.2012 ж. №8 хаттамасымен бекітілген жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарды диагностикалау және емдеу хаттамалары қолданылады.

Сонымен қатар ST сегменті көтерілген жедел коронарлық синдромы, STсегменті көтерілмеген жедел коронарлық синдромы бар науқастарды емдеу алгоритмдері сақталады.

Жедел коронарлық синдромы бар науқастарды емдеу алгоритміне сонымен қатар диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес бөлімге түскен алғашқы минуттан бастап науқастар диагностика мен емнің барлық түрін қабылдайды; бірінші минуттан бастап тромболитикалық терапияның және алғашқы ЧКВ-ның қажеттілігі туралы сұрақ шешіледі.