Бөлім меңгерушісі – жоғары санатты дәрігер,
медицина магистры Перменов Бекжан Абдалимович

Анестезиология және реанимация бөлімі 3 қабатта орналасқан, 9 төсек орнына арналған (6 ересек, 3 балалар), 2 реанимациялық залдан тұрады, орталықтанған оттегі тартылған, вакуумдалған, замануи технологиялар ламинарлық ауаны тазарту, бақылау қондырғысымен қамтамасыз етілген.

 

 

 

 

Қазіргі таңда бөлімде сапалы анестизиологиялық және реанимациялық көмек көрсету үшін заманауи құрал-жаблықтармен жабдықталып, барлық жағдай жасалған. Бөлімде салмақтары 2 килограммнан бастап шала туылған нәрестелердің өкпесін жасанды вентиляция жасауға мүмкіндік беретін бірнеше тыныс алу және наркоздық аппараттар, ашық жүрекке ота жасау кезінде қолданылатын екі жасаныды қанайналым аппараттары, жүрек пен өкпенің қызметін 30 күнге дейін өз қалпында ұстап келетін ЭКМО аппараты, гемодиафильтрацияға (жасанды бүйрек) арналған аппарат, ауыр жағдайда детоксикация жасау үшін қолданылатын плазмоферез аппараты, аутогемотрансфузия жасау үшін қолданылатын аппарат (Autolog, Medtronic) –бұл жерде (Cell-Saving) жасушаларды сақтап қалу технологиясы пайдаланылады, атап айтсақ науқастың ота кезінде жоғалтқан өз қанын жинап, өңдеп, сұзгіштен өткізіп, қайтадан қан ағымына жібереді, көпфункционалды реанимациялық керуеттер, заманауи керуеттің жанына қоятын мониторлар мен орталықтандырылған бақылау стациясы, аутоанальгезия функциясымен қамтылған дәрі-дәрмектерді үздіксіз беріп тұратын автоматтандырылған дозаторлар, бірнешеу портативті және стационарлық УДЗ және ЭхоКГ аппараттары, соның ішінде ересектер мен балаларға арналған өңешарқылы ЭхоКГ датчиктері, экспресс-лабораториясы, электроимпульсті терапия жүргізуге арналған аппараттар және уақытша 1-2 камералық электрокардиостимуляторлар бар.

Бөлімнің негізгі қызметі – бұл аурухана науқастарына тәулік бойы жедел түрде және жоспарлы анестезиолого-реанимациялық көмек көрсету болып табылады.
Анестезиолого-реанимациялық көмекқамтиды: ауырсынуды алдын-алу және емдеу; науқастың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда негізгі өмірлік ағзалары мен жүйелерінің қызметтерін өз қалпында ұстап тұру; реанимациялық және қарқындытерапия шараларын жүргізу; зертханалықжәне функционалдық мониторинг; науқастың наркозға дейінгі және наркоздан кейінгі кезеңдегі жағдайын бақылау; ауыр жағдайға әкеп соғатын ауруды емдеу; қосалқы патологияларды емдеу; қарқынды терапия жүргізу бойынша консультативтік көмек көрсету.