Зертхана меңгерушісі - Махашова Г.Ж.

Клиникалық-диагностикалық зертхана – жоғары технологиялық бөлім болып есептеледі, оның негізгі қызметі кардиологиялық орталықта емделіп жатқан пациенттер үшін жоғары дәрежеде расталған жоғары сапалы зертханалық талдауларды жасау болып табылады.

Қазіргі таңда зертханалық диагностика кардиология саласындағы маңызды ақпараттық әдістердің бірі болып есептеледі, сондықтан оның нәтижелері диагноз шығаруда, аурудың ақырын божауда, емдеу әдісін таңдауда шешуші фактор болатыны сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

Клиникалық-диагностикалық зертхананың ұйымдастыру құрылымы:

  • зертхананың жоспарлық қызметі;
  • барлық бөлімдерде емделіп жатқан науқастардың талдауларын жедел түрде жасайтын экспресс-диагностика зертханасы;
  • науқастарға отаға дейін, отадан кейін жедел және жоспарлы түрде талдаулар жасайтын кардиохирургия бөлімінің экспресс-диагностика зертханасы.

Зертхана талдаулардың 200-ден астам түрін жасайды:

  • биохимиялық,
  • гематологиялық,
  • иммунологиялық,
  • жалпыклиникалық.

Жоғары технологияларды және жаңаша әдістерді пайдалану талдауларды жүргізу уақытын қысқарып, сапасын аттырады және талдау жүріп жатқан кезінде адам мейлінше аз араласады. Нәтижелерді беру уақыты 0,5-1,5 сағ.

Клиникалық-диагностикалық зертханада талдаулардың келесі түрлері жасалады:

- жоғары сезімтал тропонинді, миокард инфарктысын диагностика жасау үшін МВ-КК массасын, Д-димерді, нарийуретикалық пептидті, жоғарысезімтал С-РБ анықтау, антифосфолипидті синдромды диагностикалау.

- антиагреганттар мен антикоагулянттар қабылдаған миокард инфарктысы бар, кардиохирургиялық оталардан кейінгі науқастардың гемостаз көрсеткіштерін анықтау.

- атеросклероздың негізгі метаболикалық қауіп факторларын анықтау үшін және гиполипидемиялық емді бақылау мақсатында липидтік спектр көрсеткіштерін анықтау.

- кардиохирургиялық оталар жасау үстінде қанның құрамындағы газдардың, оксиметрия, электролиттер, глюкоза мен лактаттың метаболиттерін зерттеу.