Бактериологиялық зертхана 2011 жылдың қараша айынан бастап қызмет етеді. Негізгі мақсаты- ауруханаішілік инфекцияны өзін-өзі бақылау, дене қызуы жоғары науқастардың қанының стерильдігін тексеру, ауру ағзасынан бөлінген заттардың (қан, қақырық, зәр, перикардтан, плеврадан алынған сұйықтықтар, нәжіс және т.б.) құрамындағы микроорганизмдердің түрлерін анықтауға (гемокультура), олардың антибиотиктерге сезімталдығын және т.б. зерттеулер жүргізеді.

Зерханаға толық автоматтандырылған бактериологиялық анализатор MICRO SCAN WALK AWAY-40 SIEMENS-де орнатылған.

 

 

 

 

Зертхананың штаттық бірлігіне сәйкес 4 маман жұмыс атқарады, мамандардың біліктілігі стандарттарға сай. Жылына 4000-нан астам талдау жасалынады.

Зерханада төмендегі құрамдағы зерттеулер талданады:

  1. Қанды сарып ауруына серологиялық зерттеу (Райта-Хеддельсон әдісі)
  2. Қанды стерильдікке, гемокультураға тексеру
  3. Қақырықты микрофлораға зерттеу
  4. Зәрді микрофлораға зерттеу
  5. Отадан кейінгі жарақаттан алынған жұғындыны микрофлораға тексеру
  6. Тамақтың және мұрынның кілегейін микрофлораға тексеру
  7. Нәжісті микрофлораға тексеру
  8. Плеврадан, перикардтан алынған сұйықтықтардың құрамындағы микрофлораны тексеру
  9. Анықталған микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.
  10. Санитарлық-бактериологиялық зерттеулер
  11. Зертханаішілік зерттеулер.