Бөлім меңгерушісі - Рахматалиев Асқар Мұратұлы

«Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық
көмекті дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған» Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 30.08.2008 жылы ОКО-да коронароангиографиялық зертхана ашылып, коронарографиялық зерттеулер және коронарлы күретамырларды стенттеу оталары жасала бастады. Қазіргі таңда екі ангиографиялық зертхана тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейді (тәулік бойы).

Зертханада өз біліктіліктерін Қазақстанның және алыс жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы клиникаларында (Германия, Израиль, Литва, Ресей) жетілдірген мамандар қызмет етеді.

 

 

SIEMENS. AXIOM, SIEMENS Zee Floow фирмаларының 2 ангиографиялық қондырғысы жұмыс істейді.

Оталардың 78,6 % жедел көрсеткіштермен жасалынады:

  • ST сегментінің көтерілуімен сипатталатын жедел коронарлық синдром;
  • ST сегментінің көтерілуінсіз сипатталатын жедел коронарлық синдром;
  • Q тісшесі бар миокард инфарктысы;
  • Q тісшесі жоқ миокард инфарктысы;
  • Тұрақсыз стенокардия.

21,4 % науқастар жоспарлы түрде келеді:

  • Тұрақты күштемелі стенокардия ФК III-IV(CCS) ;
  • Жүректің туа біткен және жүре пайда болған қақпақша ақаулары (ППС) бар 45 жастан асқан науқастарға ашық жүрекке ота жасау алдында КАГ көрсетілген науқастар;
  • Туа біткен ақауы бар науқастардың жүрек ішілік гемодинамикасын анықтау мақсатындажүрек қуыстарын зондтау жасалынады;
  • Перифериялық қан тамырларының (қол,аяқ) атеросклерозы кезінде диагностикалық артериография, аортография өткізілідеі,атеросклероздың белгілері болған жағдайда перифериялық қан тамырларына стент орнатылады немесе баллондық ангиоплатика жасалынады;
  • Туа біткен жүрекшеаралық перденің ақауы бар науқастарға ақауды эндоваскулярлық жолмен Окклюдер арқылы бекіту.

2011 жылдан бері туа біткен жүрекшеаралық ақауы бар науқастарға ақауды ота арқылы емес эндоваскулярлық жолмен – Окклюдер құрылғысы арқылы бекіту жасалынады;

Қазақстан Республикасында алғашқы рет Облыстық Кардиоорталықта амбулаториялық деңгейде 2013 жылдан бастап 403 науқасқа диагностикалық мақсатта амбулаториялық коронарография жасау басталды,2014 жылдың 6 айында 220 науқасқа амбулаториялық деңгейде КАГ жасалды.

2014-2015 жж.жаңа технологияларды енгізу бойынша жоспар:

  • Резистенттік артериалдық гипертензиясы бар науқастарға бүйрек артериясының денервациясын жасауды бастау;
  • Бас және мойын қан тамырларын эндоваскулярлық жолмен стенттеу;
  • Туа біткен ақау «Боталл артериалдық қан тамырын» эндоваскулярлық жолмен Окклюдер құрылғысымен бекітуді игеру.