Міндет – диагнозды дәл қою үшін жылдам және сапалы жұмыс жасаймыз .

Клиника-диагностикалық зертхана әлемдік стандарттар талаптарына сай жабдықтармен жұмыс жасай отырып, зертханалық диагностикалық заманауи және иновациялық әдістерін пайдаланады.

Орындалатын зерттеулер сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша көңіл бөлінеді. Ол зертхана мамандарының жоғары кәсіби шеберлігі, жетекші әлемдік өндірушілер шығарған заманауи құрал-жабдықтар арқылы, жоғары сапалы реагенттер мен жұмсалатын материалдарды пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. 

Арнайы бақылау материалдары арқылы жүргізілетін зертханадағы сапаны жүйелі ішкі бақылау мен басқа да кешенді шараларды қолдану нәтижелердің дәлдігі мен жоғары диагностикалық сенімділікке алып келеді. Оның үстіне, зертханада сапаны көпдеңгейлі бақылау жүйесі тұрақты өзіндік бақылау, зертханаішілік бақылау мен зертханаралық салыстырмалы сынаулар іске асырылады.