Бөлім меңгерушісі - жоғары санатты дәрігер кардиолог Басс Е.Е.

Кеңестік-диагностикалық емхана ОҚО халқына (ересек және балалары) кардиологиялық, аритмологиялық кардиохирургиялық, рентгенэндоваскулярлық амбулаториялық көмек көрсетеді. Жылына емхана мамандарымен 14000 –нан астам науқасқа кеңес беріледі.

 

 

 

 

 

  

                                            

 

Кеңес беретін дәрігер мамандар:

  • ересек және балалар кардиологы
  • ересек және балалар кардиохирургы
  • аритмолог дәрігер
  • эндоваскулярлық рентген – хирург
  • қан тамыр хирургы

Кеңес диагностикалық емханасында төмендегідей диагностикалық іс-шаралар өткізіледі:

  • Электрокардиограмма түсіру;
  • Эхокардиография (УЗИ сердца) түсіру;
  • тредмилл тест, Велоэргометрия
  • Электрокардиограмманы тәүлік бойы мониторлау
  • Артериалдық қан қысымын тәүлік бойы мониторлау.
  • Лабораториялық зерттеулер (Жалпы қан анализі, Жалпы зәр анализі, коагулограмма, биохимиялық зерттеулер).

Қажет болған жағдайда науқастар бас мамандардың (кардиолог, балалар және ересектер кардиохирургі, аритмолог) келісімімен жоғарымамандандырылған көмекке Республика деңгейіндегі медициналық ұйымдарға жіберіледі.

Сонымен қатар амбулаториялық коронарография жасауға науқастарды анықтайды.