Бөлім меңгерушісі - бірінші санатты дәрігер кардиохирург Батөре Б.С.

2009 жылы Кардиохирургиялық қызметті дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан Облысында ОКО-да кардиохирургиялық ғимарат тұрғызылып, 20 төсек орынға арналған кардиохирургия бөлімі, 9 төсек орынға анестезиология және реанимациялық бөлімі, 2 ота жасау бөлімімен қосылып ашылды.

2009-2011 жылдары бөлім меңгерушісі болып Куатбаев Е.М. істеді, білікті маман, медицина ғылымдарының кандидаты. 2011 жылдан бастап бөлім меңгерушісінің қызметін Байтөре Бауыржан Сайлаубекұлы атқарады, біліктілігін Түркияда жетілдірген білікті маман. Бөлімде 5 кардиохирург жұмыс істейді; Булешов Данияр Мырзатаевич, медицина ғылымдарының кандидаты, Бердибеков Т.Н., Бердиев А., Сапаров Т., Пернебаев Н.

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

Кардиохирургия бөлімінің хирургтары ашық жүректе істелінетін курделі де қиын оталарды жасайды:

  • Аортокоронарлық шунттау –жүректің ишщемиялық ауруының созылмалы және жедел кезінде жасалынады;
  • Жүре біткен жүрек қақпақшаларының ақауында қақпақшаларды механикалық немесе биологиялық клапандарға ауыстырады;
  • Жүрек қуысынан миксома немесе өскен етті сылып алып тастау;
  • Аорта тамырының ауруларында - аортаны резекциялау (операция Бентала де Бона).

2011 жылы кардиохирургия бөлімінің 5 төсек орыны қан тамырлар төсек орындарына бейімделді,қан тамыр хирургі Айтымбетов Д.К. жұмысқа алынды.

Төмендегі оталар өткізіледі:

  • ұйқы артериаларының эндартериоэктомиясы;
  • артериовеноздық қаяудыота арқылы жою;
  • аяқтық, қолдың қан тамырларына эндоваскулярлық жолмен ота жасау;
  • аяқтың зақымданған веналарын байлау және сылып алу отасы;
  • перифериялық қан тамырларын стенттеу;

Құрама оталар жасалынады:

  • Ішкі ұйқы артериясының эндартериоэктомиясы + Жасанды қан айналымымен ашық жүрекке аорткоронарлық шунттау отасы;
  • Аортаның аневризмасы анықталған науқасқа аортаны ауыстыру;

Ота жасау бекеті сапасы және қауіпсіздігі жағынан замануи сұраныстарға сәйкестелген;

Кардиохирургия бөлімінің ұжымы әрбір науқасқа сапалы және білікті ем көрсетеді. Бөлім қызметкерлері білікті де білімді мамандар.