Бөлім меңгерушісі – жоғары санатты дәрігер кардиолог Сейтжанова Г.М.

Аға ординатор – жоғары санатты дәрігер кардиолог Морозова Е.М.
Ординатор 
– II санатты дәрігер кардиолог Шагибекова Д.Я.

 

 

 

 

 

 

Бөлім 3 қабатта орналасқан. Бөлімге науқастар қабылдау бөлімінен түседі және жан сақтау бөлімінен ауыстырылады.

Науқастар төмендегі нозологиялар бойынша емделеді:

  • Жедел коронарлық синдром: қауіп топтарға жіктеу, кардиалды тропонин Т, I анықтау, агрессивті антикоагулянтты терапия.
  • Тұрақсыз стенокардия: миокард инфарктісінің фатальді және фатальді емес қауіп тобын бағалау, стресс кардиографиялық зерттеулер (велоэргометрия, өңеш арқылы электростимуляция, стресс-эхокардиография), КАГ.
  • ЖИА созылмалы түрлері: тұрақты стенокардия: неинвазивті тестілеу, КАГ-ң көрсеткіштері және өткізу.
  • Артериалдық гипертония (қауіп топтарын стратификациялау, Артериалдық қан қысымын тәулік бойы мониторлау, ЭКГ, УЗИ тексеру, медикаментозды және медикаментозды емес емдеу тәсілдерін өткізу)
  • Туа біткен жүрек ақауларын тексеріп анықтау, жоғары мамандандырылған ем қабылдауға бағыттау
  • Миокардиттер, кардиомиопатиялар (тексеру және емдеу стандарттары)
  • Созылмалы жүрек жетіспеушілігі: инвазивті емес әдіспен орталық гемодинамиканы анықтау, патогенетикалық және симптоматикалық ем барысында ЭХО КГ көрсеткіштерін мониторлау, 6 минуттық жүрумен тексерілетін сынаманы өткізу.
  • Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруы бар 30 аптаға дейінгі жүкті әйелдерді емдеу және бақылау, оның ішінде созылмалы артериялық гипертониясымен. Босанғаннан кейінгі перипартиальная гипертониямен ауырған әйелдерді емдеу және қадағалау.

Жұмыста диагностика және емдеудің келесі хаттамалары қолданылады:

  • 28.06.2013 ж. ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамытудың сұрақтары бойынша Эксперттік комиссиясының бекітілген «Жүрек-қан тамырауруларының диагностикасы мен емдеуі бойынша хаттамалары»
  • STсегменті көтерілмеген жедел коронарлы синдроммен науқастарды диагностикалау және емдеу алгоритмі (ҚР ДСМ Эксперттік Кеңесінің 17.04.2012 ж. №8 хаттамасымен бекітілген)
  • Жүктілік кезінде жүрек-қан тамыр ауруларын диагностикалау және емдеу нұсқаулығы (Ресейлік нұсқаулар, Мәскеу, 2013ж).

Бөлімде “Артериалдық гипертония мектебі ” өтеді, науқастармен бірге төмендегі мәселелер талқыланады:

  • Артериалдық қан қысымы деген не? Артериалдық қан қысымын өлшеу әдісі нечто такое АД, методика измерения АД
  • Артериалдық гипертонияның қауіп факторлары
  • Емделмеген АГ қандай жағдайларға әкеледі, (көзделген мүшелердің зақымы-поражения органов – мишеней, ассоциированные заболевания)
  • Медикаментті емес емдеу түрлері: емдік дене шынықтыру, диетотерапия.
  • Медикаменттік ем: нұсқау берген дәрі дәрмектерді науқастың үнемі қабылдауы туралы әңгіме.

Бөлімде көрсетілетін көмек:

Стационарға жату үшін жатқызу көрсеткіштері болу керек:

  1. Жедел көрсеткіштермен түсетін науқастар Жедел жәрдеммен немесе медициналық мекемелердің жолдауымен стационарға тәулік бойы кедергісіз жатқызылады.
  2. Жоспарлы стационарға жатқызуға «Стационарға жатқызу порталы» арқылы емханадан электрондық порталмен жіберіледі.