Бөлім меңгерушісі - I санатты дәрігер кардиолог Шингисова Э.А.

Интервенциондық кардиология бөлімі (кардиология №1) стационардың 1 қабатында орналасқан, 20 төсек орынға арналған.

Науқастар жоспарлы және жедел түрде бөлімге түседі,ота жасауға дейінгі дайындықтан өткен соң жүрекішілік электрофизиологиялық тексеруден өтеді,қажет жағдайда қосымша өткізгіш жолдары анықталған (аритмогенная зона) кезде радиочастоттық аблация отасы жасалынады, жүректің өткізгіштігі бұзылған науқастарға тұрақты электрокардиостимулятор орналастырылады. Яғни бөлімге әр-түрлі жүрек ырғағы және жүрек өткізгіштігінің бұзылуымен асқынған жүрек аурулары бар науқастар түседі (жүректің ишемиялық ауруы ба, туа біткен ақауы бар,жүре біткен ақауы бар, кардиомиопатия).

Облыстық кардиоорталықта диагностика және емдеу түрлері Европалық нұсқаулар мен клиникалық протоколдар негізінде өткізіледі. Бөлімде замануй технологиялардың барлық түрлері қолға алынған.

Бөлімде мамандардың біліктілігі жоғары, Қазақстанның алдыңғы қатарлы клиникаларында, алыс, жақын шетелдің алдыңғы қатарлы клиникаларында оқыған