Клиникалық практикада кардиологиялық екпінді-толқындық терапияның пайда болуы, жаңадан тамырлардың өсіп шығуына, яғни неоангиогенездің дамуына әкелетін бірден-бір тиімді әдіс. Біздің орталықта бұл әдіс 2006 жылдан қолданылып келеді. Ишемияға ұшыраған миокардқа төменгі энергиялық екпінді толқынмен әсер етіледі. Екпінді толқындар электромагнитік әдіспен бөлініп, жұмсақ тканьдерге еніп, акустикалық орталарға әсер етеді де, кавитацияны тудырады.

 

 

 

 

 

 

Соның әсерінен тамырлардың қабырғаларынан азот оксиді бөлінеді, содан қан тамырлары кеңейіп, протеазалар белсенеді, эндотелиальді өсу факторымен фибробластардың өсуі жоғарылап, бұл өз кезегінде эндотелиальді клеткаларды қоршаған тканьдерге көшіреді. Осының бәрі ангиогенез процесін күшейтіп, жаңа капиллярлардың түзілуіне, ишемияға ұшыраған миокардтың реваскуляризациясы мен реперфузиясына алып келеді. Бұл ем Modulith SLC  (Storz Medical, Швейцария) аппаратында жүргізілдеді. Импульстік толқынды зақымдалған аймаққа ультрадыбыстық сканер арқылы тауып жібереміз. Протоколға сәйкес ем 9 сеанстан тұрады: 3 сеанс күнара, 21 кун демалыспен қабылданады.

ЭКЕПТ-ны жүргізуге арналған көрсетпелер: III-IV ФК тұрақты күштемелі стенокардия, барлық негізгі топтағы дәрі-дәрмектермен емдеудің тиімсіздігінде, кардиохирургиялық операцияларды жүргізуге мүмкіншілік болмаған жағдайда, науқас кардиохирургиялық операциядан бас тартқан жағдайда.

ЭКЕПТ-ны жүргізуге қарсы көрсетпелер: тұрақсыз стенокардия/соңғы 3 айда бастан кешірген жедел миокард инфарктысы, теріішілік араласулар, соңғы 3 айда жүргізілген тәж артерияларын шунттау операциялары, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылыстары, сол қарыншаішілік тромб түзілістері, жедел жүрек жетіспеушілктері, асқынған жүрек жетіспеушіліктері, журек фракциясы 25%, клапандар протезі, имплантацияланған ырғақ жүргізушілері/ дефибрилляторлар, тыныс алу жолдарының аурулары, ісіктер, жүректің трансплантациясы, кеуде қуысындағы пластикалық операциялар, жүктілік.

ЭКЕПТ (экстаркорпоральді кардиологиялық екпінді-толқындық терапия) клинико-инструментальдық зерттеулердің нәтижесі бойынша, стенокардия белгілерін азайтады, физикалық күштемелерге тозімділікті арттырады, сол қарыншаның жұмысыны жақсартады, науқастың өмір сүру сапасын арттырады. Ем процедурасы ешқандай ауырсындырмайды. Жағымсыз әсерлері байқалмаған.