ШЖҚ«Облыстық кардиологиялық орталық» МКМ-нің миссиясы: «Сау жүрекке мамандандырылған кардиологиялық және кардиохирургиялық медициналық көмек арқылы кол жеткізу».

Көзқарасымыз және  стратегиялық принциптер:

·       Зейіннің барлығы науқаста болу

·       Сапаның халықаралық стандарттары

·       Бәсекелестік

·       Сабақтастық және кешендік

·       Әлеуметтік жауапкершілік

1.    Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында ОҚО тұрғындарына дер кезінде қолжетімді арнайы кардиологиялық және жоғары деңгейлі интервенциялық, аритмологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және жүзеге асыру арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.

2.    Жүрек-қантамырлары аурулары асқынуын алдын алу мақсатында дер кезінде диагностикалық көмек көрсету және емдеудің инновациялық тәсілдерін әрі қарай еңдіру.

3.    Денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету бойынша салааралық үйлестіруді іске асыру. 

ОҚО құндылықтары:

1.    Қызметкерлердің қабілеттілігін үнемі арттыратын, олардың әлеуетін толық іске асыратын зияткерлік капитал.

2.    Мекеменің өміршеңдігі, алдыңғы қатарда болуы және мақсатының тұрақтылығы.

3.    Разы болған және оң көзқарасты емделуші.

4.    Мүдделі тараптардан шығатын идеяларды қабылдауға және пайдалануға, алған білімдерінің таралуына, өзгерістерге дайын қызметкерлердің ашық, уәжді және сенімді корпоративтік мәдениеті.

5.    Жұмысты ынтамен атқаруы, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы.

6.     Этикалық құндылықтар (қазір және келешекте өзінің қызметіндегі экологиялық аспектілерге әлеуметтік жауапкершілік), қоғам алдындағы айқындылық және ашықтық.