Қазіргі таңда біздің орталығымыз Облыс деңгейінде ересектер мен балаларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған кардиологиялық, интервенциондық, аритмологиялық, кардиохирургиялық көмек көрсететін, заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген бірден бір орталыққа айналдық.

 

 

 

 

 

2007 жылы және 2009 жылы МҚКМ « Облыстық кардиологиялық орталық» ОҚО әкімшілігінің «Үздік медициналық мекеме» номинациясына лайықты болдық.«2013 жылдың Қазақстан Лидері» номинациясындағы ұлттық сертификатымен, сонымен қатар Париж қаласында «Алтын Жұлдыз» номинациясындағы Сапа сертификатымен марапатталды.

Болашаққа деген жоспарларымыз:

  1. Амбулаторлы этаптағы диагностикалық көмектің қолжетімді болуынқамтамасыз етуді күшейту. Амбулаторлы этаптағы өткізілетін диагностикалық коронарографиялық әдістің санын 500-ге дейін көбейту.
  2. Ақылы қызмет түрлерін жоғарылату:өңеш арқылы ЭХО КГ, ЭХО КГ, ЧПЭС, стресс ЭХОКГ добутаминмен, талдаудың зертханалық спекторы, ВЭМ-стресс тесты, тредмилл тесті, СМ ЭКГ, СМАД.
  3. Болашақта эндоваскулярлық емдеу түрлерін ары қарай дамыту. Перифериялық тамырларды эндоваскулярлық жолмен емдеу әдісін дамыту.
  4. Тамырлардың мультифокальды жарақаттану кезіндегі және т.б аурулар кезіндегі (өт қабының тасы,жатыр миомасы т,б.) стимультантты және гибридтті оталар санын көбейту.
  5. Отадан кейінгі асқыну санын азайту.
  6. Симуляция орталықтарында дәрігерлерге және орта буынды медициналық қызметкерлерді оқытуға жіберу.
  7. Жүрекішілік электрофизиологиялық қондырғыны CARTO-3 бөлшегімен толықтыру, жүрекше фибрилляциясы кезінде болатын жүрекше ішіндегі тромбтың болуын анықтау.