Сұрақ-жауап
Сіздің сұрағыңыз онлайн тәртібінде қойыңыз.

Бізді қалай табуға болады:
Шымкент қ., Байтурсынов көш., 79а
8 (7252) 371-220 |
Жол жүру схемасы

Бекжігітов Спандияр Байжігітұлы

ОКО бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер-кардиолог

Тәжірибесі мен біліктілігі


Жаңалықтар

24
06.14
Қазақстанның барлық мешіттерінде транcплантация мен донорлық мүшелер жайында жұма күнгі уағыз айтылды
22
04.14
Денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесін енгізу жөніндегі call-орталығы ұйымдастырылды
жаңалықтар мұрағаты


Сіздің пікіріңіз маңызды

Біздің орталық қызмет көрсету сапасын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Қанағаттанғысыз





Қазақстанның барлық мешіттерінде транcплантация мен донорлық мүшелер жайында жұма күнгі уағыз айтылды

Кері қарай

2014 жылдың 28 наурызында «Нұрлы қоғам» қоғамдық бірлестігі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына (ҚМДБ) мемлекеттің Мүфтиі Ержан қажы атына республиканың барлық мешіттерінде донорлық мүшені ауыстыруға мұқтаж жандар жайлы және донорлық ету арқылы қайырымдылық жасауға болатыны жайлы уағыз айтуын өтінді.

Осыған орай ағымдағы жылдың 29 мамыры күні ҚМДБ-да Шариғат және пәтуа бөлімі донорлық мүшелердің транплантациясына байланысты, барлық мәселелерді қарастыру үшін отырыс өткізді. Ислам дінінің әлемдік ғұламаларының осыған байланысты пәтуаларын ескере отырып, Ғұламалар кеңесі ағзалардың донорлығы мен транплантациясына қатысты пәтуа әзірледі.

Нәтижесінде, 2014 жылдың 6 маусымында Қазақстанның барлық 2000 мешітінде имамдар түскі жұма-намаз уақытында «Органдардың донорлығы мен оны трансплантациялаудың шариғаттағы орны» атты жұмалық уағыз айтты. Бұл жұма-намаз уақытында мұсылман қауымға бірер сағат бойы адам өлімі мен оның дене мүшелерін басқаның өмірін құтқару мақсатында ауыстыруға болатыны жайлы толықтай ақпарат берілді.

Дін басылардың айтуынша: «өз туған туыстарының ағзаларын қайырымдылық ретінде беріп, өзге адамның өмірін сақтап қалса, ол Алланың Қасиетті құранның «Мәида» сүресінің 32-аятында көрсетілген адам іспеттес»: «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен тең және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең».

Бұндай, мешітке келушілерге уағыз айту сияқты тәжірибе ислам дінін құптаушы мемлекетер арасында нақтырақ айтсақ Түркияда өзінің оң нәтижесін беруде. Әр жұма сайын донорлық пен транплантациялау жайлы Түркия мешіттерінде айтылып жүрген уағыздың арқасында аталмыш

мемлекетте органды транплантациялау айтарлықтай көрсеткіштерге ие болды.

Қазақстанда мемелекет тарапынан донорлық органды транплантациялауға барлық жағдйлар жасалып отырса да, жасалып жатқан ота саны аз ғана. Бұның басты себебі, донорлық ағзаның жетіспеушілігінде және осыған байланысты науқастар донорлық ағзаларға жете де алмай өмірден озуда.

Сондықтан, Қазақстанның имамдары мешіттерде ендігіден бастап әрқашан мұсылман қауымға шариғаттағы ағзалардың донорлығы мен трансплантациясының орны жайлы уағыз айтпақ.

Негізі: Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, 24 мау 2014

ҚР ДСМ-нің ҚЖА
хаттамалары
Артериалды гипертония :: 1.32 Мб
Созылмалы жүрек жетімсіздігі :: 4.66 Мб
Тұрақты күштемелі стенокардия :: 2.18 Мб
Тұрақсыз стенокардия :: 0.26 Мб
ST сегментінің көтерілуімен Q тісшесі бар миокард инфарктысы :: 3.20 Мб
ST сегментінің көтерілуімен Q тісшесі бар асқынған миокард инфарктысы :: 4.46 Мб
ST сегментінің көтерілуінсіз Q тісшесі жоқ миокард инфарктысы :: 2.82 Мб
ST сегментінің көтерілуінсіз Q тісшесі жоқ асқынған миокард инфарктысы :: 4.42 Мб



© 2014 Облыстық Кардиология Орталығы