Сұрақ-жауап
Сіздің сұрағыңыз онлайн тәртібінде қойыңыз.

Бізді қалай табуға болады:
Шымкент қ., Байтурсынов көш., 79а
8 (7252) 371-220 |
Жол жүру схемасы

Бекжігітов Спандияр Байжігітұлы

ОКО бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер-кардиолог

Тәжірибесі мен біліктілігі


Жаңалықтар

24
06.14
Қазақстанның барлық мешіттерінде транcплантация мен донорлық мүшелер жайында жұма күнгі уағыз айтылды
22
04.14
Денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесін енгізу жөніндегі call-орталығы ұйымдастырылды
жаңалықтар мұрағаты


Сіздің пікіріңіз маңызды

Біздің орталық қызмет көрсету сапасын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Қанағаттанғысыз





Орталықтың тарихы

2000 жылдың тамыз айынан бастап С.Р. Абсеитованың белсенді қатысуымен Шымкент қалалық жедел медициналық көмек ауруханасының инфаркт бөлімі негізінде бұрынғы «Шинник» профилакториясының ғимаратында 100 төсекорындық Облыстық кардиологиялық орталық ашылды. Қазіргі уақытта 132 төсекорын бар, оның ішінде 100 кардиологиялық, 20 кардиохирургиялық, оның ішінде 5 қантамылар хирургиясы, 2 операциялық блок қызмет етеді, сонымен қатар 2 коронароангиографиялық зертхана және 1 жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу және радиожиілік аблация зертханасы бар. 1 бактериологиялық зертхана жұмыс атқарады. 15 төсекорындық жансақтау бөлімі, 6 төсекке арналған кардиохирургиялық анестезология мен реанимация бөлімі бар, ақылы 16 төсекорын бар.

   

Ашылған күнінен бастап Облыстық кардиоорталығында науқастарға диагностика және емдеу жұмыстары халықаралық ұсыныстар бойынша және дәлелденген медицина принциптерына сәйкес жүргізілуде. Клиника барлық уақытта халықаралық стандарттарға сай дамып келді. Қазіргі таңда біз жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастарды емдеудің үш негізгі әдісін меңгеріп пайдаланудамыз – бұл тромболизис және алғашқы коронарлы араласу (эндовоскулярлық баллондық ангиопластика және коронарлық тамырды стенттеу), сонымен қатар ашық жүрекке миокардтың реваскуляризациясын жасау (ота жасау).

Облыстық кардиологиялық орталығында 97 дәрігер, 132 орта буынды медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Орталықта 1 медицина ғылымдарының докторы, 3 медицина ғылымдарының кандидаты бар. Біздің дәрігерлер Қазақстан, Рессей, Польша, Литва, Израиль, Германия және Белоруссияның алдыңғы қатарлы клиникаларында біліктіліктерін жетілдірген.

Орталықта 2000 жылдан бастап Қазақстанда алғашқы болып жедел миокард инфарктысы кезіндегі миокард некрозының белгісі (Тропонин Т) қанның құрамында анықтайтын тәсіл енгізілді. 2002 жылдан бастап ЖИА бар науқастарға барлық заманауи инвазивті емес тексеру түрлері жүргізіліп келеді: эхокардиография, электрокардиограмманы тәулік бойынша мониторлау, артериалдық қан қысымын тәулік бойынша мониторлау, стрес-тесттер (тредмил, велоэргометрия). 2009 жылдан бастап жүрек қақпақшасы ақауын және инфекциялық эндокардитті дұрыс диагностикалау үшін өңеш арқылы эхокардиография әдісі жүргізіліп келеді, осы уақытқа дейін 950 науқасқа орындалды.

«Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған» Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 30.08.2008 жылы орталықта коронароангиографиялық зертхана ашылып коронографиялық зерттеулер және коронарлы күретамырларды стенттеу оталарын жүргізе бастадық. Қазіргі таңда ангиографиялық зертхана тәулігіне 24 сағат бойы және аптасына 7 күн бойы жұмыс істейді (тәулік бойы). Ангиографиялық зертхананың ашылған күнінен бастап 20059 коронарографиялар (КАГ), 8301 коронарлық тамырларды стенттеу отасы жасалды, оның ішінде 6690 - 80,5% жағдайда жедел коронарлық синдромы бар науқастарға ота жасалған. 2011 жылы алғашқы рет Республикада аумақтық дәрежедегі эндоваскулярлық әдіспен жүректің туа біткен ақауын (ЖТБА) окклюдер қондырғысымен бекіту тәжірибеге енгізіліп жасалған (ДМПП, ОАП), сол уақыттан бері 101 науқасқа окклюдер орнатылды. 2015 жылдан бастап резистенттік артериялық гипертониясы (4-5 гипотензивті дәріге төмендемейтін гипертония) анықталған науқастарға бүйрек қан тамырларын денервациялау отасы тәжірибеге енгізіліп, 36 науқасқа орындалды.

   

2004 жылы Облыстық кардиоорталығында алғашқы рет тұрақты электрокардиостимуляторды (ЭКС) орнату отасы жасалды, 2012 жылға дейін Республикалық орталықтардан келген мамандардың көмегімен 38 тұрақты ЭКС имплантталған. 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында аритмологиялық қызметті дамыту мақсатында Облыстық кардиологиялық орталығына жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу және радиочастоттық аблация жасайтын қондырғы орнатылып, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап жүрек ырғағының және өткізгіштігінің күрделі бұзылуы бар науқастарды инвазивті тәсілмен емдеу басталды. Біздің дәрігерлер Рессейдің ең мықты клиникаларында біліктілігін жетілдірген. 2012 жылдан бері 638 тұрақты электрокардиостимуляторлар орнатылды, 416 науқасқа жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу және радиочастоттық аблация өткізу жолдарына жасалды. 2014 жылдан бастап жоғарытехнологиялық оталар енгізілді-автоматикалық кардиовертер/дефибриллятор 56 науқасқа орнатылды, автоматикалық бивентрикулярлық дефибриллятор (CRT-D) 15 науқасқа орнатылды.

2005 жылдан бастап Қазақстанда бірінші болып және әлем бойынша 8-ші ел болып жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарға реваскуляризацияның басқа әдістері (тері арқылы араласулар және коронарлы шунттау) тиімсіз болған жағдайда ангионеогенездің индукциясын арттыру мақсатында экстракорпоральді кардиохирургиялық екпінді-толқынды терапия қолданыла бастады. Осы күнге дейін 700-ден астам науқас емделді.

2009 жылы «Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Облыстық кардиологиялық орталықта 20 төсекорындық кардиохирургиялық бөлімі, 2 ота жасайтын бекет және 2 анестезиология- реанимациялық залдары, экспресс-зертханасы және қосалқы жайлары бар кардиохирургиялық корпустың құрылысы қолданысқа берілді. 2011 жылы кардиохирургия бөлімінің 5 төсек орыны қантамыр төсекорнына ауыстырылды. 2011 жылы алғаш рет Оңтүстік өңірінде балалар кардиохирургиясы саласын дамыту мақсатында 12 төсек орынға арналған балалар кардиохирургиясы бөлімі ашылды, ашылған күнінен бастап туа біткен ақау анықталған балалардың жүрегіне 537 ота жасалды. Тетрадо Фалло ақауымен туылған балаларға (3-ақау қатар кездеседі) ашық жүрекке өте қиын оталар жасалынды, бірнеше жүрек ақауымен туылған балаға аралас ота жасалынды. 2014 жылы ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының №615 бұйрығы негізінде «Педиатриалық қызметті орталықтандыру үшін» 12 төсек орынды балалар кардиохирургия бөлімі штатымен бірге Облыстық балалар ауханасына берілді.

   

Кардиохирургия бөлімі ашылғаннан күнінен бастап ашық жүректе 2901 ота жасады, оның 1549 аортокоронарлық шунттау оталары,11 науқасқа комбинирленген АКШ + стенттеу оталары жасалаған, жүре пайда болған жүрек ақауы бар (ППС) 429 науқасқа, туа біткен жүрек ақауы анықталған 877 науқасқа ота жасалды. Сонымен қатар қолқа тамырының ауруы анықталған (аорта) бірнеше науқасқа күрделі оталар жасалды: аневризмасы бар қолқаның резекциясы анықталған 8 науқасқа, жүрек қуысында анықталған ісігі бар 14 науқасқа оталар жасалынды. 10 ұйқы артериясының эндартерэктомиясы, 126 жағдайда артериовенозды қаяуды жою отасы орындалды.

Қазіргі таңда біздің орталығымыз Облыс деңгейінде ересектерге мамандандырылған және жоғарытехнологиялық кардиологиялық, интервенциондық, аритмологиялық, кардиохирургиялық көмек көрсететін, заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген бірден бір орталыққа айналды.

2011 жылы Облыстық Кардиологиялық орталығына MICRO SCAN WALK AWAY-40 SIEMENS толық автоматтандырылған бактериологиялық анализатор орнатылып жұмысын бастады. Негізгі мақсаты – ауруханаішілік инфекцияны өзін-өзі бақылау, дене қызуы жоғары науқастардың қанының стерильдігін тексеру, ауру ағзасынан бөлінген заттардың (қан, қақырық, зәр, перикардтан, плеврадан алынған сұйықтықтар, нәжіс және т.б.) құрамындағы микроорганизмдердің түрлерін анықтауға (гемокультура), олардың антибиотиктерге сезімталдығын және т.б. зерттеулер жүргізуге бағытталған.

2007 жылы және 2009 жылы «Облыстық кардиологиялық орталық» МҚКМ-сі ОҚО әкімшілігінің «Үздік медициналық мекеме» номинациясының иегері болды. «2013 жылдың Қазақстан Лидері» номинациясындағы ұлттық сертификатымен, сонымен қатар Париж қаласында «Алтын Жұлдыз» номинациясындағы Сапа сертификатымен марапатталды.

Жаңа технологияларды енгізу үшін құрылған жоспар:

-Аортокоронарлық шунттау отасы мен жүрекішілік радиожиілікпен аблация жасау отасын қатар орындау, коды - 36.1000;

-Жүрек қақпақшаларын протездеу мен жүрекішілік радиожиілікпен аблация жасау отасын қатар орындау, коды - 35.9900;

-Жүрекшеаралық ақауды ткандік транплантантпен бекіту отасы, коды - 35.61;

-Өкпе қантамырларының аномальді қосындыларын қалпына келтіру отасы, коды - 35.82;

-Қан тамырларын тіндік трансплантаттың көмегімен жамау, коды - 39.56.

ҚР ДСМ-нің ҚЖА
хаттамалары
Артериалды гипертония :: 1.32 Мб
Созылмалы жүрек жетімсіздігі :: 4.66 Мб
Тұрақты күштемелі стенокардия :: 2.18 Мб
Тұрақсыз стенокардия :: 0.26 Мб
ST сегментінің көтерілуімен Q тісшесі бар миокард инфарктысы :: 3.20 Мб
ST сегментінің көтерілуімен Q тісшесі бар асқынған миокард инфарктысы :: 4.46 Мб
ST сегментінің көтерілуінсіз Q тісшесі жоқ миокард инфарктысы :: 2.82 Мб
ST сегментінің көтерілуінсіз Q тісшесі жоқ асқынған миокард инфарктысы :: 4.42 Мб



© 2014 Облыстық Кардиология Орталығы