Сұрақ-жауап
Сіздің сұрағыңыз онлайн тәртібінде қойыңыз.

Бізді қалай табуға болады:
Шымкент қ., Байтурсынов көш., 79а
8 (7252) 371-220 |
Жол жүру схемасы

Бекжігітов Спандияр Байжігітұлы

ОКО бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер-кардиолог

Тәжірибесі мен біліктілігі


Жаңалықтар

24
06.14
Қазақстанның барлық мешіттерінде транcплантация мен донорлық мүшелер жайында жұма күнгі уағыз айтылды
22
04.14
Денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесін енгізу жөніндегі call-орталығы ұйымдастырылды
жаңалықтар мұрағаты


Сіздің пікіріңіз маңызды

Біздің орталық қызмет көрсету сапасын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Қанағаттанғысыз





"Денсаулық" Бағдарламасы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаның мақсаты

Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту.
 

Міндеттері

1.      Аурулар профилактикасы мен басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғам денсаулығын сақтау жөніндегі жаңа саясатты енгізу.

2.      Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту.

Іске асыру мерзімі

      Мембағдарламаны іске асыру 2016–2019 жылдарға есептелген және:
1) қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құруды;
2) медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басымдықпен дамытуды;
3) медициналық көмектің барлық деңгейлерінің интеграциясын дамытуды;
4) денсаулық сақтау саласындағы менеджменттің тиімділігін дамытуды, корпоративтік басқару элементтерін енгізуді;
5) денсаулық сақтау саласында жеке меншік секторды және бәсекелестікті әрі қарай дамытуды: денсаулық сақтау объектілерін сенімгерлік басқаруды және жекешелендіруді, жеке отбасылық практиканы дамытуды;
6) адами ресурстарды стратегиялық басқаруды дамытуды;
7) медициналық білім беруді жаңғыртуды, медицина ғылымын, білім беруді және практиканы интеграциялауды;
8) мектеп медицинасын денсаулық сақтау жүйесінде одан әрі дамытуды;
9) халықаралық стандарттардың негізінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіруді;
10) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді;
11) мемлекеттің, кәсіптік қоғамдастықтар мен пациенттердің әріптестігі арқылы медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын басқару жүйесін дамытуды;
12) денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды және оңтайландыруды;
13) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологияларды одан әрі дамытуды көздейді.

Нысаналы индикаторлар

Р/с №

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Ақпарат көздері

Орындалуына жауаптылар

2014 (факт)

2015 (бағалау)

2016

2017

2018

2019

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Өмір сүрудің күтілетін ұзақтығының деңгейі

Жыл саны

ҰЭМ Статистика комитетінің ресми деректері

ДСӘДМ, ІІМ, БҒМ, ҰЭМ, АШМ, МСМ, облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының әкімдіктері

71,62

71,7

71,8

72,2

72,6

73

     

Негізгі бағыттары:


1) халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту;

2) МСАК-ты жаңғырту және басым дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін халықтың мұқтаждықтары айналасына интеграциялау;
3) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
4 ) Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру;
5) ынтымақтастықты енгізу және жүйенің қаржылық тұрақтылығын арттыру негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру;
6) денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік және қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

 

Бағдарламаны көшіріп алу

ҚР ДСМ-нің ҚЖА
хаттамалары
Артериалды гипертония :: 1.32 Мб
Созылмалы жүрек жетімсіздігі :: 4.66 Мб
Тұрақты күштемелі стенокардия :: 2.18 Мб
Тұрақсыз стенокардия :: 0.26 Мб
ST сегментінің көтерілуімен Q тісшесі бар миокард инфарктысы :: 3.20 Мб
ST сегментінің көтерілуімен Q тісшесі бар асқынған миокард инфарктысы :: 4.46 Мб
ST сегментінің көтерілуінсіз Q тісшесі жоқ миокард инфарктысы :: 2.82 Мб
ST сегментінің көтерілуінсіз Q тісшесі жоқ асқынған миокард инфарктысы :: 4.42 Мб



© 2014 Облыстық Кардиология Орталығы